Қоғам • 21 Қараша, 2022

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттаған

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы 13,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттаған

Energyprom сарапшыларының зерттеуіне сәйкес, дәрілік заттар:

  • Алматыда - 17,5 пайызға;
  • Маңғыстау облысында - 17,1 пайызға;
  • Ақтөбе облысында - 16,7 пайызға;
  • Жетісу облысында - 16,2 пайызға;
  • Жамбыл облысында - 14,4 пайызға;
  • Қызылорда облысында - 8,9 пайызға қымбаттаған.

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде дәрі-дәрмек өндірісі құны бойынша 112 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға аз.

2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға миллиард долларлық дәрі-дәрмек импортталды. Бұл жерде заттай импорт - 17,3 пайызға, ақшалай импорт - 25,8 пайызға өсті.

ТМД елдерінен 101,3 миллион долларға 6200 тонна дәрі-дәрмек импортталды. Негізгі көлемі Ресейге келді (4600 тонна).

Сондай-ақ ТМД-дан тыс елдерден 900 миллион долларға 12 500 тонна дәрі әкелінді. Бұл жеткізушілердің арасында Қытай (2600 тонна), одан кейін Германия мен Үндістан көш бастады.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20