Президент • 21 Қараша, 2022

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жормарт Тоқаевтың атына Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

«Сіз отандастырыңыздың зор сеніміне ие болдыңыз. Бұл сенім мандаты мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достыққа, тату көршілік қарым-қатынасқа және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастық табысты дамып келеді. Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз», делінген құттықтау жеделхатында.