Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Әңгіме барысында қос Президент Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі нығаю перспективаларын талқылады. Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.