26 мамырда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Yung’s Enterprіse Holdіngs компаниясының басқарма төрағасы Ларри Юнг бастаған гонконгтік инвесторлар делегациясын қабылдады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы бірлескен инвестициялық бастамалар мен нақты жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Кәрім Мәсімов Қазақстан Үкіметінің гонконгтік инвесторларға өзара тиімділік негізінде қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы екіжақты қызметтестікті одан әрі дамытуға деген сенімділіктерін білдірді.