31 Мамыр, 2014

ҚМДБ: биылғы пітір садақасы – 200 теңге

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысқан алқалы жиында қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін білікті имамдарды тарту мәселесі де талқыланды. Бас мүфти респуб­лика бойынша мешіттерде жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан орта­лықтандырылған онлайн дәріске жамағаттың толыққанды қатысуын, онлайн нүктелер санын ауылға дейін көбейтуді, әрі сабақтың сапалы, сауатты өтуін қадағалауды өкіл имамдарға тапсырды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жастарды теріс ағымдардан сақтандыру», «Қоғамның діни сауатын арттыру» тақырыптары бойынша білікті имамдардың дәрісін жаңа технологиялар арқылы насихаттауды қолға алды. «Әзірет Сұлтан» мешітінде діни уағыз онлайн форматында жыл басынан бері өткізіліп келеді. «Егемен-ақпарат».