Бокс • 22 Қараша, 2022

Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 50 боксшының қатарында

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

World Boxing News порталы 2022 жылдың қараша айындағы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 50 боксшының қатарында

Аталған тізімге алғаш рет қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы енді. Ол жақында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғады. Боксшы рейтингте 49-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, орта дивизиондағы IBF, WBA Super және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-қатарында.

Рейтингті WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы чемпион украиналық Александр Усик бастады. Екінші орында мексикалық Сауль «Канело» Альварес.