Нидерланды, АҚШ және Франция өкілдерінен құралған инспекциялық топқа оқу-жаттығу полигондары, атыс алаңдары, казармалар және Алматы мен Қонаев гарнизондарындағы әскери бөлімдердің басқа да объектілері көрсетілді.
2011 жылғы Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Вена құжатына сәйкес, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығы ұйымдастырған брифингтер барысында ЕҚЫҰ өкілдеріне құрамалар мен әскери бөлімдердің күнделікті және оқу-жауынгерлік тыныс-тіршілігі, халықаралық оқу-жаттығуларға және бітімгершілік миссияларға қатысып жүрген әскери қызметшілер таныстырылды.
Комиссия 25 қарашаға дейін Алматы және Қонаев қалаларының аумағында жұмысын жалғастырмақ. Инспекциялау автокөлікпен, Әскери-әуе күштерінің тікұшағымен бақылау арқылы жүзеге асырылады.