Оқиға • 23 Қараша, 2022

Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесу өтеді

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Сирия бойынша келіссөздер процесінің кепілгер елдері Иран, Ресей және Түркия Сирия бойынша 20-шы кездесуді Астанада өткізуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесу өтеді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Астана процесінің Сирия бойынша кепілдік беруші елдерінің қорытынды мәлімдемесі жайлы хабарлады.

«Кепілгер елдер 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Сирия бойынша 20-шы халықаралық кездесуді Астанада өткізуге келісті. Сондай-ақ олар 2022 жылғы 19 шілдедегі үшжақты саммиттің қорытынды мәлімдемесінде бекітілген келесі жоғары деңгейдегі кездесуді Ресей Федерациясында ұйымдастыру туралы келісімді атап өтті», деді Әділ Тұрсынов.

Сонымен қатар кепілгер елдер Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған және көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сепаратистік жоспарларға қарсы тұру мақсатында терроризмге қарсы күрес мақсатында оның барлық нысандары мен көріністерінде өзара іс-қимылды жалғастыруға бел буды.