28 Мамыр, 2010

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНДЕГІ ЖҮЗДЕСУ

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ еліне жасаған сапары кезінде Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл Аста­на­дағы “Нұр-орда” халықаралық қа­зақ-түрік лицейінде болып, ұс­таздармен, оқушылармен жүз­десті. Заман талабына сай са­лынып, оқушыларға жан-жақты білім, үлгі-өнеге көрсетіп отырған білім ұя­сымен мектеп директоры Са­дрет­ден Челик  таныстырды. Түрік Республикасының Пре­зиденті Абдулла Гүл кездесу кезін­де біздің Отанымызда қызмет жа­сап жатқан қазақ-түрік лицейлері­нің жұмысына дән ризалығын білдіріп, бұл білім ұялары екі ел ара­сына дәнекер болып отырға­нын алға тартты. Әр келген кезін­де гүлденген Астананың әдемі кел­бетіне куә болып жүргенін, Арқа төсіндегі әдемі қала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолтаңбасы екенін атап өтті. Ол сонымен бірге, бауырлас екі халық ара­сын­дағы достық пен ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғаса беретінін, оның ұйыт­қысы бүгінгі ұрпақ болатынын тілге тиек етті. Сүлеймен МӘМЕТ.