Ауа райы • 24 Қараша, 2022

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

«Республикада тұман, көктайғақ күтіледі, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, Қазақстан Республикасының солтүстігінде, солтүстік-батысында қарлы боран соғады. Жетісу облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Астанада көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар). Оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°С, күндіз -3...-5°С.

Алматыда күн бұлтты болады, түнде аздаған жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). Түнде және таңертең тұман. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +9...+11°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +17...+19°С.