Тәртіп сақшылары мәлім еткендей, Көкшетау қаласының 41 жастағы тұрғыны қоймада есірткі заттарын сақтаған.
Операцияны жүргізген полицейлердің айтуынша, ер адам облыс орталығына кірген кезде ұсталды. Тінту жұмыстары барысында күдіктінің қалтасынан салмағы 3,56 г болатын екі полиэтилен пакеті және есірткіні қолдануға арналған құрылғы табылды.
«Сараптама қорытындысына қарағанда, ұсталған адам есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені анықталды», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетсек, күдіктінің көлігінен салмағы 845,68 г гашиш салынған полиэтилен пакет табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.