Қоғам • 24 Қараша, 2022

Қазақстанда «Sapar» қосымшасы іске қосылды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық трассаларды пайдаланатын қазақстандықтар үшін «Sapar» мобильді қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «Sapar» қосымшасы іске қосылды

Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы трассаларды цифрландыру шеңберінде онлайн және офлайн режимінде жұмыс істейтін  «Sapar» навигациялық қосымшасын әзірледі.

Жол қозғалысына қатысушылардың хабардар болу деңгейін арттыру үшін қосымшада автожолдардың ағымдағы жай-күйі (трассаларды ашу/жабу, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары және т.б. бойынша ақпарат), метеожағдайлар, жолдардың ақылы учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыру туралы бөлімдер жұмыс істейді.

Аталған мобильді қосымшада республикалық трассалар бойында орналасқан жол сервисі туралы барлық өзекті ақпарат жинақталған. Қолданушылар қосымша қызметтерінің сапасын бағалай алатынын атап өту керек.

Қазіргі уақытта қосымша PlayMarket-те қол жетімді, жақын арада қосымша AppStore-да орналастырылады.