Спорт • 24 Қараша, 2022

Елордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елорда іргесінде жаңадан салынған Көктал-2 елді мекеніндегі дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Чемпионаттың ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт вице-министірі Серік Жарасбаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, қазақстандық зілтемірші Илья Ильин қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ чемпионаттың ашылу салтанатына спорт ардагерлері де қатысты.

Дүбірлі додаға еліміздің барлық облысы мен қалаларынан жиналған 300-ден астам зілтеміршілер алты күн бойы бақ сынайтын болады.

Қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жұлқа және серпе көтеруден рекорд орнатқан елордалық Едіге Ембердіге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының естелік сыйлығын табыстады.

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойнатылып, жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаз командалар анықталады.

Айта кетсек, жарыс 29 қарашаға дейін Көктал-2 елді мекеніндегі №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде өтеді.

ть