Ауа райы • 24 Қараша, 2022

14 өңірде ауа райы нашарлайды

492 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық синоптиктердің айтуынша, 25 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы нашарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

14 өңірде ауа райы нашарлайды

Күндіз Абай облысының басым бөлігінде қар жауады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде боран күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жел соғып, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын мен боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20,  кейде 23 м/с дейін жетеді. Көкшетау қаласында тұман күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ болады деп болжанады. Ақтөбе қаласында түнде көктайғақ күтіледі.

Астана қаласында жауын-шашын, боран, көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында  жел соғып, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз Өскемен қаласында боран күтіледі. 

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында  жел соғып екпіні 23-28 м/с болады.

Синоптиктердің айтуынша, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде кейде қалың қар жауады. Солтүстікте, шығыста, облыстың орталығында боран, көктайғақ болады. Күндіз солтүстікте, шығыста батысқа ауысатын оңтүстік жел соғып, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ал Қарағанды қаласында көктайғақ күтіледі.

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында боран болады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында да тұман күтіледі. Ақтау қаласында шығыс, оңтүстік-шығыс жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады деп күтілуде.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде қалың қар, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран күтіледі. Күндіз Павлодар қаласында боран болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төмен қарлы боран күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ күтілуде. Облыстың орталығында жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.