Қоғам • 25 Қараша, 2022

Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы өсті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы бір жылда 24 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы өсті

Биылғы қаңтар–қазан айларында елімізде 40,3 мың тонна жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға артық. Негізгі өнім Атырау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында шоғырланған: тиісінше 11 мың, 9,2 мың және 8,3 мың тонна.

Сондай-ақ басқа әдіспен дайындалған немесе консервіленген 8,8 мың тонна балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 22,2 пайызға аз. Өндірістің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі - 3,4 мың тонна, яғни 56,7% көбейген. Үздік үштікке сондай-ақ Батыс Қазақстан (2,2 мың тонна, бір жылда 6,3% азайған) және Шығыс Қазақстан (702 тонна, 23,9% азайған) облыстары кірді.

Биылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген және консервіленген балық, шаян және моллюскаларға сұранысты бір жыл бұрынғы 53,1%-бен салыстырғанда 53,6% қамтамасыз етті. Елге 32,9 мың тонна өнім әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2% артық. Осы кезеңдегі өндіріс 38 мың тоннаны құрады, көрсеткіш бір жылда 3,3% өскен.

Бұл ретте ресурстардың 19,7%-ы экспортқа шығарылды, көрсеткіш 4,4% азайды.

Ішкі нарықтағы сату көлемі 4,1% өсіп, 56,9 мың тоннаны құрады.