Ауа райы • 25 Қараша, 2022

Елімізде 38 градусқа дейін аяз болады

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 38 градусқа дейін аяз болады

«Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны әсер етеді, сонымен байланысты солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендеуі және жауын-шашынның тоқтауы күтіледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.

Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Қар түрінде жауын – шашын жауады. 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қалың қар түседі.

Республика бойынша тұман, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі 15-28 м/с болады. Шығыста бұрқасын, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Түнде батыста ауа температурасы 5-15 аязға дейін төмендейді. 26-27 қарашада солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте 23-36 аязға дейін, орталықта 17-34 аязға дейін, 27-28 қарашада шығыста 27-38 аязға дейін күрт төмендеуі болжанады, 27-28 қарашада ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыста 5-15, таулы жерлерде аудандарда 15-20 градус аяз дейін төмендеуі күтіледі.