Қоғам • 25 Қараша, 2022

«7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев Қазақстанда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жалғастыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«7-20-25» бағдарламасы жалғасуы мүмкін

«Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасында жарияланған тапсырмасына сәйкес, «7-20-25» бағдарламасын жалғастыру жоспарлануда, бірақ толық ақпаратты Ұлттық банктен алған дұрыс деп ойлаймын», деп түсіндірді Сенат отырысында Еркебұлан Дауылбаев. 

Бұған дейін Сенат депутаты Дәурен Әділбеков бүгінде ипотекалық бағдарлама өзектілігін жоғалтып жатқанын айтқан еді.

«Қазақстандықтар арасында «7-20-25» бағдарламасы өте танымал. Алайда, бүгінгі таңда, сарапшылардың пікірінше, бағдарламаның қолайлы шарттары өзектілігін жоғалтып жатыр. «7-20-25»-тің негізгі шектеуі – тұрғын үй құнының төменгі шегі және тек бастапқы нарыққа бағытталу. Бұл бағдарлама бойынша қайталама нарықта нысандарды сатып алу мүмкін емес, бұл таңдауды айтарлықтай шектейді», деді сенатор.