Қоғам • 25 Қараша, 2022

Балаларды дұрыс тамақтануға дағдыландыру байқауы басталды

349 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазан айынан бастап Астана мен Алматы қалаларының мектептерінде Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен бастауыш сынып оқушыларына арналған аспаздық шеберлік байқауы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Балаларды дұрыс тамақтануға дағдыландыру байқауы басталды

Аталған байқау елімізде 2013 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасының бір бөлшегі.

Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде не көп, қарасаң көздің жауын алатын түрлі тәттілер мен газдалған сусындар көп. Көшеде алдыңнан шығатын қолжетімді азық-түліктің басым бөлігі қарын тойдырғанымен, денсаулыққа пайдасы аз, тіпті керісінше зиян да болуы мүмкін. Сондықтан бұл бастама – оқушылардың дәмді де пайдалы тағам дайындауға деген қызығушылығын қалыптастыруды көздейді. Байқау ұйымдастырушылары аспаздық дағдылар дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі екеніне сенімді. Бұл дағдылар балаларға өз денсаулығын күтуге, жақындарының да денсаулығына қамқор болып, отбасылық дәстүрлерге ұқыпты қарауға септеседі.

Айтқандай, аспаздық байқау 2023 жылы атап өтілетін «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының 10 жылдығына орайластырылған.

Байқау барысында мектеп оқушылары мұғалімдермен және ата-аналармен бірге бірнеше ай бойы пайдалы тағамдарды дайындаудың құпияларын түсіндіретін аспазшылардың бейне-сабақтарымен танысады. Жас аспаздар дәмді тамақтарды өз бетінше дайындап қана қоймайды, сонымен қатар бағдарламаның цифрлық платформасында тағамдардың фотосуреттерін орналастыра отырып, өз шығармашылығының нәтижелерін басқа қатысушылармен бөліседі. Байқау қорытындысы 2022 жылдың соңында шығарылады, ал ең танымал фотосуреттердің авторлары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Алматы қалалық Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Татьяна Ежова: «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында мұғалімдер оқушылармен көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Бірақ дәл осы форматтағы, балалардың ата-аналарымен бірге бас-аспазшылардан бейне-сабақтар арқылы тамақ дайындайтын байқау алғаш рет өткізіліп отыр. Оқыту тәсілі тұрғысынан алғанда, бұл дәрістердің меңгерудің тамаша тәсілі. Байқау шығармашылыққа толы, ал оған ата-аналардың да қатысуы білім беру бағдарламасының тиімдігілі мен оң ықпалын екі есе арттырады», дейді.

«Аспаздық сабақтары – пайдалы әдеттерді тәрбиелеудің өте тиімді құралы. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, мұндай шеберлік сабақтарына қатысу балаларға тамақ дайындау негіздерін үйретіп қана қоймай, сонымен қатар пайдалы тағамдарды таңдауда олардың қалауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Біз бұл дағдылар олар үшін бүгін ғана емес, болашақ ересек өмірінде де пайдалы болатынына сенімдіміз. Өйткені, тамақ дайындауды білетін және жақсы көретін адам өз денсаулығына да, жақындарының денсаулығына да қамқорлық жасай алады», дейді 2030 жылға қарай дүниежүзіндегі 50 миллион дейін баланы салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеуге атсалысып отырған «Нестле» білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы Александра Макеева.