Рәсімнің ашылуы Мемлекеттік Ту, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік штандарты мен Конституцияны алып шығумен басталды.
Айта кетейік, Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 26 қарашаға бекітілді. Бұл ел тарихындағы жетінші инаугурация болмақ. Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады.
Бұдан соң, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант береді. Сол сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып есептеледі.
Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.