Алматыда алғаш рет Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 60 жастағы пациентке жүректің жасанды сол жақ қарыншасы (LVAD) имплантацияланды. Бұған дейін жүректі механикалық қолдау бағдарламасы Астана қаласындағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығында енгізілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда жер бетінде 26 миллион адам жүрек функциясының жеткіліксіздігінен зардап шегеді, бұл кесел пациенттердің 20%-да өршиді. Жыл сайын осы дерттің салдарына байланысты 1 млн адам ауруханаға жатқызылады.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі – жүрек бұлшықеті ағзаның қан мен оттегіге қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде қан айдай алмайтын созылмалы прогрессивті ахуал. Науқасты ентігу, кеуденің қысылуы, аяқтың ісінуі, бүйрегі мазалайды. Асқына келе мұның соңы ажал құштыруы мүмкін.
Созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі қатерлі ісіктен кейінгі өлім-жітімге жетелейтін аурудың бірі. Ал LVAD имплантациясы ауыр СЖЖ диагнозы қойылған науқастарды емдеудің жаңа дәуірі десек те болады.
«Имплантацияланатын жүрек сорғысы жүрекке қанды бүкіл ағзамен айдауға көмектеседі және СЖЖ белгілерін жеңілдетеді. Жүректің қызметі де жақсарып, науқасқа жүрек трансплантациясын күтуге мүмкіндік береді. Кейбір науқастар үшін бұл өмірді ұзартудың жалғыз мүмкіндігі», дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы, профессор Роза Қуанышбекова.
Клиника басшысының айтуынша, екі түтігі бар, біреуі қолқаға, екіншісі жүректің сол жақ қарыншасына қосылған шағын сорғы сол жақ қарыншаның қызметін атқарады. LVAD өмірді ұзартуға, бұрынғы қалпына оралуға мүмкіндік береді. Жасанды жүрегі бар науқастың басқа адамдардан айырмашылығы – оның тамыр соғысы болмайды.
«Бұл операцияны клиникамыздың кардиохирургтары Астанадағы Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталықтағы әріптестерімен бірге жасады. Біз жүрекке жоғары технологиялық операциялардың барлық түрлерін жасаймыз. Келешекте жүрек патологиясын емдеудің жаңа заманауи әдістерін ұлғайтуды және одан әрі енгізуді жоспарлап отырмыз», дейді Роза Тохтанәлиқызы.
«Көмекші механикалық құрылғыны имплантациялауға көрсеткіштер – бұл шунттау, клапандарды протездеу, кардиостимуляторды имплантациялау немесе дәрі - дәрмекпен емдеу сияқты басқа емдеу түрлері көмектесе алмайтын жүрек ауруының ауыр немесе терминалдық сатысындағы пациенттер», деді ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:31
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар