«Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарында, Әскери-теңіз күштерінде, сондай-ақ елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында әскер қатарын жаңа толықтырғандардың ант қабылдау рәсімдері өтті. Салтанатты шарада 2600-ден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға әскери бөлімдердің жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар, қоғам өкілдері, қарулы күштер мен жергілікті қақтығыстарға қатысқан ардагерлер, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында 1600-ден астам сарбаз ант берді. Таразда салтанатты шара «Жеңіс» қалалық саябағында өтті. Әскер қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшекбаев сарбаздарды осындай елеулі күнмен құттықтады.
– Бауыржан Момышұлы атындағы механикаландырылған құраманың жауынгерлері Жеңіс саябағында, батыр ескерткішінің жанында Отанына адал болуға ант беруі жауынгерлік дәстүрдің жалғасып келе жатқанын білдірсе керек. Отан алдындағы қызметтеріңді абыроймен атқарасыңдар деп сенемін, – деді генерал-майор Мереке Күшекбаев.
Ақтаудың әскери-теңіз базасында да осындай салтанатты шара теңізші жауынгерлердің сапқа тұруымен басталды. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған матростар бір ай ішінде теңізшілердің тіршілігін үйреніп, кемедегі қызмет негіздерімен және теңіз терминологиясымен танысып үлгерді.
– Әскерге Павлодар облысынан келдім. Әрине, армияның өмір ырғағы мүлде бөлек, бәрі күн тәртібі және ережелерге сәйкес жасалады. Әскери-теңіз күштеріне келгеніме қуандым. Теңізші болу – жауапкершілігі мол және қызықты. Мұндағы ерекше дәстүрлерді командирлер де таныстырып жатыр, – деді матрос Аяз Масықбаев.
Көптеген сарбаздардың ата-аналары мен жақындары салтанатты ант қабылдау рәсіміне қатысуға келді. Кеше ғана бозбала боп келген балаларының келбетінен есейгенін байқадық деп айтып жатты.
– Бүгін ұлдарымыз үшін маңызды күн – ант беру сәтін көрдік. Бұл, әсіресе, десантшы жауынгерлер үшін үлкен жауапкершілік пен абырой. Әскердегі борышыңды өтеу ер азаматтар үшін өзіне деген сенімділікке тәрбиелейтін тамаша өмір мектебі болары анық, – деді Павлодардан елордадағы десанттық-шабуылдау құрамасына шақырылған Абзал Саматтың анасы Гүлжанат Хамитова.
Командирлер шараға келген қонақтарды сарбаздар қызмет ететін жағдаймен таныстырып, олардың әскери қызмет төңірегіндегі сұрақтарына жауап берді.
Жалпы әскери дайындық курсынан кейін әскери қызметшілер әскери мамандықтарды үйрене бастайды. Оларға штаттық қару-жарақ пен әскери техника бекітіледі.
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:31
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар