28 Мамыр, 2010

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ОРНЫМЕН ПАЙДАЛАНЫЛСЫН

494 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның  кезекті мәжілісі болып өтті. Аталған мәжіліс жұмысына комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Елімізде мемлекеттік рәміздерді пайдалану және оларды қолдану саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінде оларды тек ел ішінде ғана емес, бүкіл әлем біледі десек артық емес. Бұған Елбасы да ерекше мән береді. Сондықтан да комиссияның бүгінгі отырысы Мемлекеттік рәміздер күні мен Конституцияның 15 жылдығының қарсаңында өтіп отыр. Бұл айрықша мәні бар сәттер еліміздің тари­хын­дағы елеулі кезеңдерге айналғаны ақиқат. Өткен 18 жыл барысында мемлекеттік рәміздер елімізді таны­тудың және шетелге де тәуелсіз Қазақстанның гүлденуінің шынайы шындығын көрсетудің көрінісі болды, деді Қанат Саудабаев. Мемлекеттік рәміздеріміздің маңы­зы одан әрі арта беруі үшін оны пай­да­лану жөніндегі жұмыстар жан­дана түсуге тиіс. Осыған орай оты­рыс ба­ры­сында Алматы қаласының, Қос­та­най және Қызылорда облыс­тары әкім­дерінің, сондай-ақ Төтен­ше жағ­дайлар министрлігі мен Экономи­ка­лық қылмысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес агенттігінің мем­лекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша жұмыс тәжі­ри­белері жөніндегі есеп­тері тың­далды. Қ.Саудабаев рәміздерді пайда­лану және қолдану саласында иек артқан әрі белгіленген жұмыстардың арқасында қол жеткен нәтижелерге қарамастан, кемшіліктер мен мем­лекеттік рәміздерді тиісінше қалып­тасқан ережелерге сай пайдаланбау деректері кездесетінін айтты. Осы­ған орай отырыста мемлекеттік рә­міз­дерді насихаттау жастарға пат­риоттық тәрбие беруде аса маңызды рөл атқаратыны ерекше аталды. Мәжіліс соңында комиссия оты­рысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды және мемлекеттік органдарға мем­ле­кеттік рәміздер жөніндегі заңнама қағида­ларын бұлжытпай сақтау, сондай-ақ оларды пайдалануды бақылаудың тетіктерін жетілдіру туралы нақты тапсырмалар берілді. Александр ТАСБОЛАТОВ.