Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзін бастан-аяқ тыңдап шықтым. Қадау-қадау мәселелер көтеріліп, алда атқарылатын маңызды міндеттер айқындалды. Мен соның біреуіне ғана, бүгінде қалаға тұрақтаған көп қазақтың алтын бесігі – ауылдың тағдырына қатысты мәселеге тоқталайын.

Президент ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ, бәрімізге үлкен сын болатынын қадап айтып, ең алдымен ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қойды және Үкіметке ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Ауылды көркейту мақсатында бұған дейін де көп бағдарлама болғанын көпшілік көріп-біліп отыр. Бірақ нәтижесі мардымсыз. Осы орайда, Президенттің алдымен ауылдың әлеуетін көтеруді ең бірінші мәселе етіп көтеруі көңілге үлкен үміт ұялатты.
Біз – Қостанай облысының диқандары Президентті толық қолдаймыз. Өйткені ауыл шаруашылығы ауылсыз ілгерілмейді. Мемлекет басшысы бізді алаңдатқан мәселерді дөп басып айтты.
Қазақтың рухы, салт-дәстүрі, кәсібі мен несібесі, әлі де болса, ауылда жатыр. Сондықтан Мемлекет басшысы дұрыс мәселе көтеріп отыр. Ең бірінші мәселе, ауылды жақсарту үшін – ауылда тұратын халық болу керек. Ал халықты ауылға апару үшін елді мекендердің инфрақұрылымын дұрыстау қажет. Су, жол мәселесі бірте-бірте шешілер, бірақ ең бастысы, ауылға газ тарту керек. Газсыз ауыл дамымайды. Талай ауылды көрдік, суы бар, жолы бар. Сонда да, көгілдір отыны жоқ болған соң, халқы қалаға қарай тартып тұрады.
Тағы бір үлкен мәселе, ауылдан шығатын ауылшаруашылық өнімдері ауылда өңделуі керек. Өңдеу өнеркәсібі дамыған ауылға адам да барады, мал да бітеді, жұмыс та болады.
Президент бүгінде халықтың 40 пайызы ауылда тұратынын атап өтті, бұл аз емес. Қалай айтсақ та, мал ұстап, егін егу – біздің қанымызда бар, сүйексіңді ата кәсібіміз. Бүгін бәріміз қалаға көшіп кетсек, ертең мынау үлкен-үлкен алқаптарға кім ие болмақ? Әсіресе, шекара түбіндегі ауылдарды дамыту маңызды. Бұл ауылдарда халық көп болуы керек.
Тоқ етерін айтқанда, мені Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл жолғы сайлау нәтижесін өзіне жүктелген үлкен жауапкершілік ретінде қабылдағаны және мәселенің басын ауылдан бастағаны қуантады.
Сайран БҰҚАНОВ,
Қазақстанның Еңбек Ері
Қостанай облысы,
Меңдіқара ауданы,
Харьков ауылы
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар