Ауа райы • 28 Қараша, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана, Алматы, Көкшетау, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады

Аталған қалалардағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы). Осы болжамға сәйкес, дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде аязды ауа райы күтіледі.