ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Финляндия Парламентінің депутаттары, парламентаралық «Орталық Азиямен достық тобының» мүшелері Киммо Килюнен және Хели Ярвиненмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде Финляндия Қазақстанның солтүстік Еуропадағы және жалпы Еуропалық одақтағы маңызды әріптесі болып табылатынын атап өтті. Оған қоса біздің елдеріміз негізгі халықаралық мәселелер жөніндегі көзқарастары ұқсас және халықаралық ұйымдар аясында тығыз ынтымақтасып келеді.
Парламент депутаты сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жүзеге асып жатқан кешенді және жүйелі өзгерістер туралы айтып берді.
«Бүгінгі таңда жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету – Парламент жұмысындағы басты басымдық болып табылады. Сенат депутаттары айдың басында адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, билік тармақтары арасындағы, сондай-ақ орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды конституциялық заңдарды қарады және қабылдады. Қабылданған ережелер Мәжіліс пен мәслихаттарды қалыптастырудың аралас үлгісін енгізу, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын кезең-кезеңімен енгізу үшін құқықтық негіз жасады», деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Тараптар парламентаралық байланыстарды кеңейтудің маңызын да талқылады. Финляндиядан келген парламентшілер екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап 30 жыл ішінде Қазақстан өзін сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде көрсеткенін атап өтті.
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Тариф және инвестиция: тығырықтан шығар жол
Сұхбат • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Халық • Кеше
Пікір • Кеше
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Халық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Кеше
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Мектеп • Кеше
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Қылмыс • Кеше
Тарих • Кеше
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Кеше
Театр • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Поэзия • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экология • Кеше
Жеңіл атлетика • Кеше
Жәдігер • Кеше
Кәсіпқой бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Кеше
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Кеше
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар