Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян бейнеконференцбайланыс режимінде өткен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, сауда-экономикалық және көлік-транзиттік салаларда, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, экология, туризм, қаржы секторы және инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.
Өз сөзінде Әлихан Смайылов өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының көлемі 14%-ға артып, $18 млрд-қа жеткенін атап өтті. Сонымен қатар биыл айтарлықтай өсім тіркеліп отыр, 10 айда бұл көрсеткіш шамамен 33%-ға өсіп, $19,7 млрд-ты құрады.
«Мемлекеттер басшылары 2030 жылға қарай тауар айналымын $35 млрд-қа дейін ұлғайтуды мақсат етіп қойды. Біз қытайлық әріптестерімізбен бірге осы ауқымды міндетті іске асыруға дайынбыз», деп атап өтті Премьер-Министр.
Оның айтуынша, жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын одан әрі кеңейту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнату қажет. Атап айтқанда, Қазақстан оң сауда трендін нығайтуға және Қытайға 135 тауар позициясы бойынша өз өнімінің экспортын ұлғайтуға дайын.
Ынтымақтастықтың басқа да басым бағыттары ретінде Әлихан Смайылов мұнай-газ секторында және машина жасауда жаңа жобалардың іске қосылуын, теміржол жүк тасымалдарын дамытуды, оның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткізу пунктін ашуды, сондай-ақ шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмысының тиімділігін арттыруды атап өтті.
Сонымен қатар Премьер-Министр қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты үшін кедергілерді алып тастаудың, жолаушылар авиарейстерінің санын арттырудың және трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын айтты.
«Біз белсенді диалогқа дайынбыз. Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігінің жоғары динамикасы барлық бағыттар бойынша дамитынына сенімдімін», деді Әлихан Смайылов.
Өз тарапынан Ли Кэцян Қытай Қазақстанды достық байланыстағы көршілес ел және маңызды сауда серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ҚХР жүктерді және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға, энергетика саласындағы жаңа жобаларды іске қосуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше қызығушылық танытып отыр.
«Біз қазақстандық әріптестерімізбен бірлесіп, елдер арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту үшін жұмыс істеуге дайынбыз», деді Ли Кэцян.
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Бүгін, 19:42
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Елена Рыбакина AusOpen турнирінің финалында жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 17:43
Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 17:23
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Сенатта жер кадастрын жүргізу тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды
Парламент • Бүгін, 16:57
Будапештте Түркі инвестициялық қорының президентіне құрмет көрсетілді
Әлем • Бүгін, 16:09
Сенаторлар Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жұмысына қатысты
Парламент • Бүгін, 15:54
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:47
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Бүгін, 14:25
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 13:20
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 13:04
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:45
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Бүгін, 12:18
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Бүгін, 11:53
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Бүгін, 11:29
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:55
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:07
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • Кеше
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • Кеше
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Кеше
Исламабадта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан • Кеше
Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының өкілімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан • Кеше
Президент теміржол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды
Қазақстан • Кеше
Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар