30 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа қарай соғады, орталығында күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнгі уақытта 40 градус аяз болады.
Ал Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс орталығында және Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан кей уақыттарда 30 м/с болады.