ҚФФ кеңсесінде өткен кездесуде тараптар Индонезия мен Қазақстанда футболды дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.
Спорттық медицина саласында тәжірибе алмасу және спорттық құрал-жабдықтар өндіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ әртүрлі жас арасындағы ұлттық құрамалар арасында жолдастық матчтар өткізу мәселелері қаралды.
Федерация президенті Әділет Барменқұлов тараптардың спорт шеңберіндегі ынтымақтастығы зор әлеуеті бар елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға септігін тигізеді деген үмітін білдірді.
Делегация басшысы Шри Ваниуни қазақстандық тарапын келесі жылы Индонезияда өтетін 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы футболдан әлем чемпионатына шақырды. Айта кетейік, бұл ФИФА-ның осы елде өтетін алғашқы турнирі.