Осы аптада елорданың мәдениет мекемелері 40-қа жуық іс-шара өткізеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кез келген жасқа арналған концерттер, қойылымдар мен танымдық дәрістер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

29 қараша күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы академиялық филармония залында Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Дарабоз» концерті өтеді. 2 желтоқсан күні кешке сол сахнада «Сол бір кез» ретро-концертімен «Сарыарқа» халық музыкасының ансамблі өнер көрсетеді. 4 желтоқсанда «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында филармонияның «Тал бесіктен – жер бесікке…» камералық хорының қойылымы ұйымдастырылады.
Елордалық цирк 3 және 4 желтоқсанда ағайынды Гертнерді неміс циркінің «DER ELEFANT» бағдарламасына шақырады. Қойылымның басталуы сағат 16:00-де.
1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күніне орай «Салауатты өмір салты» тақырыбында дәріс өтеді.
1 және 2 желтоқсанда тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандарына арналған «Асыл нанның үзімі» және «Кұрт-асыл тас» дәрістері өтеді.
Сәкен Сейфуллин мұражайы 30 қарашада «Тар жол, тайғақ кешу романының желісімен» көрмесіне шақырады. 2 желтоқсанда музей қызметкерлері «Музейдің экспозициялық құрылысы» атты дәріс өткізеді.
Бірнеше танымдық дәрістерді Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету орталығы өткізуді жоспарлап отыр. Олар өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға, қазақ ұлттық ойындарын насихаттауға және ұрпақтардың рухани байланысын қалыптастыруға бағытталған.
Осы аптада елордалық театрлар көптеген түрлі қойылымдар дайындады. М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры жас көрермендер үшін С.Лыгиннің 3 желтоқсан күні сағат 11:00-де басталатын «Ай, да, Ленка» ертегісін дайындады. Сол күні кешке Н.Гогольдің «Женитьба» комедиясы көрсетіледі.
«Наз» мемлекеттік би театрының әртістері 30 қарашада сағат 20:00-де The Ritz-Carlton-да «БАӘ ұлттық күнін» мерекелеуге арналған іс-шарада өнер көрсетеді. 1 желтоқсанда театр «Біз СПИД-ке, темекіге, нашақорлыққа және алкогольге қарсымыз!» іс-шарасын ұйымдастырады.
2, 3 және 4 желтоқсанда қуыршақ театрында А.Салаеваның «Мадагаскар 3» мультфильмі негізінде «Қала жолдарындағы оқиғалар» қойылымы көрсетіледі.
«Жастар» театрының сахнасында 1 желтоқсан күні сағат 13:00 – де «Сөз бен саз» бағдарламасы бойынша «Жыр дария» концерті, ал 19:00-де «Современник» театрының қойылымында П.Геновезенің «Идеал бейтаныс адамдар» комедиясы өтеді. 2 желтоқсанда А.Угловтың заманауи пьесаның ортасынан «Лондон үшбұрышы» мелодрамасын көруге болады.
30 қарашада сағат 19:00-де Nomad City Hall-да көрермендер «Чарли Чаплин» қойылымына шақырылады. 3 желтоқсанда сахнада «Мизери» спектаклі, ал 4 желтоқсанда – Imram тобының этно-фьюжн концерті көрсетіледі.
Жас көрерменді музыкалық театр 1 желтоқсанда «Шәмші» мюзикліне шақырады. Бір күннен кейін «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы көрсетіледі. 4 желтоқсанда көрермендер «Үнсіздік» спектаклін тамашалай алады.
Елордалық кітапханалар осы аптада оқырмандардың салауатты өмір салты мен өз денсаулығына деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған әдеби сағаттар, көрме-әңгіме ұйымдастырады.
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы
Қазақстан • Бүгін, 00:13
Еңбек тәртібін реттейтін құжат
Үкімет • Бүгін, 00:11
Саясат • Бүгін, 00:08
Партия филиалдарының ұйымдастыру жұмысы
Сайлау • Бүгін, 00:05
Елеусіз қалған елді мекендер көгілдір отынға жарымай отыр
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды
Форум • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қаржы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ділгір құралға қол жеткізудің жолы
Қоғам • Кеше
Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Сауда • Кеше
Ерекше перзентті оңалту да, оқыту да оңай емес
Отбасы • Кеше
Арнайы білім мекемелеріндегі ахуал
Білім • Кеше
Өңірлік университеттегі өмірлік дау
Университет • Кеше
Халық • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Келешектің инновациялық бағдары
Бағдарламалар • Кеше
Теннисшілердің төртінші мүмкіндігі
Теннис • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Төтенше жағдай • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Өзбек тіліндегі қазақтың 100 өлеңі
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматыда мейрамхана аспаздары есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті
Елорда • Кеше
Шымбұлақ шатқалында сайға құлаған жігіт құтқарылды
Қоғам • Кеше
Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?
Елорда • Кеше
Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі
Технология • Кеше
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысынан фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Ұқсас жаңалықтар