БЖЗҚ жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, зейнеткерлік жасқа толған және қорда зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ зейнетақы жинағы есебінен берілетін төлем үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарды анықтау тұрғысынан салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Мемлекеттік корпорация аталған санаттағы тұлғаларға SMS-хабарламалар жібереді. Онда зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алуға белсенді форматта келісім беру ұсынылады.
Осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыс нәтижесінде, 8 мыңға жуық адам БЖЗҚ-дан төлемдерді белсенді форматта ала бастады.
«БЖЗҚ ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екенін еске салады. Осыған орай, қор азаматтарға зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне уақытылы жүгінуге кеңес береді. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Толық ақпаратты 1418 тегін нөмірі немесе БЖЗҚ кеңселерінен алуға болады», делінген БЖЗҚ хабарламасында.