Қазақстан • 30 Қараша, 2022

Клебанов Екібастұздағы ЖЭО-ны 1 теңгеге сатуға дайын

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олигарх Александр Клебанов мемлекетке Екібастұз ЖЭО-ны бір теңгеге сатуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Клебанов Екібастұздағы ЖЭО-ны 1 теңгеге сатуға дайын

«Екі күн бұрын әкімдікте жиналыс болды, оған Клебанов мырза да қатысты, біз ЖЭО мәселесін көтердік. Олигарх Клебанов бұл нысанды мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екенін жеткізді. Біз мәселе олай шешілмейтінін, ЖЭО басшылығы желілердің тозуы мен халыққа келтірілген моральдық залалды өтеуге міндеттелетінін түсіндірдік», деді Ерлан Саиров мәжіліс аясында тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Депутаттың айтуынша, Александр Клебанов Мемлекетке дәл осындай ұсыныс жасаған.

«Бұл мәселе көтерілгенде жиналыс дау-дамайға айналып, әркім өз пікірінде қалды. Бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешіледі деп ойлаймын. Егер құқық қорғау органдары қандай да бір теріс фактілерді тапса, әрине, залалды өтеу туралы мәселе қозғалады», деп толықтырды Ерлан Саиров.

Еске сала кетсек, 27 қарашаға қараған түні Екібастұзда бірден бірнеше қазандық агрегаттары істен шыққаны хабарланған еді. Жағдайды Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов пен Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин бақылауға алды. Олардың айтуынша, жылу желілерінде 10 зақымдану орны анықталған.