«Рудный қаласы, Шевченко көшесі 116 мекенжайы бойынша орналасқан № 5 сорғы станциясының жұмысында ақау шықты. 13 жеке үй жылудан ажыратылды. Жылу құбырының диаметрі - 159. Сондай-ақ Гагарин көшесі 6 мекенжайында да ұқсас жағдай анықталды. Құбырдың диаметрі - 159. 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылды», делінген хабарламада.
Бұған дейін Арқалық ЖЭО-да да апат болғаны туралы хабар тараған еді. Анықталғандай, қазандықтың қаптамасы бұзылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Коммуналдық кәсіпорынның деректері бойынша, Қостанайда барлық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.