Соңғы кезде ұялы байланыстың жаңа бесінші буыны - 5G-дің зияны туралы қызу пікірталас үзілмей келеді. Біз осы мәселе бойынша маманның пікірін сұрауды жөн көрдік. ҚР Президенті Іс Басқармасының Сараптама орталығының санитарлық-химиялық зерттеулер бөлімінің сарапшысы Инара Ищанова сұрақтарымызға жауап берді.

- Инара, сәлеметсіз бе?! Бүгінде 5G ұялы байланысының зияны туралы пікірлер екіге бөлінген. Бірі оның жоғары жылдамдығын атап, тек ұтымды жақтарын ғана көрсе, енді бірі оны жаппай пайдалану үшін қауіпті деп санайтын түрлі теориялардың жақтаушылары көрінеді. Инара, ең алдымен 5G не екенін түсіндіріп берсеңіз?
- 5G деген кезде, адамдар оның деректерді тасымалдаудың жылдамдығы мен интернетке байланысты екенін бірден түсінеді. Көптеген адамдарда 5G деген сөз түсінбеушілік пен ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты белгілі бір толқулар тудырады.
Бесінші буынның желілері желінің өткізгіштік қабілетін арттырады, яғни қазіргі уақыттағы ең негізгі мәселелердің бірі − гаджет санының көбеюі арқылы жүктеменің шектен тыс артып кету мәселесін шешеді. 5G-дің арқасында желінің өткізгіштік қабілеті 100 есе артады.
Сондай-ақ бұл желінің жауап беру жылдамдығына да әсер етеді, яғни желінің кешігу уақытын 1 мс-қа дейін қысқартады. Кідірістің мүлдем болмауы жаңа буын желілерінің негізгі сипаттамаларының бірі болып саналады.
5G технологиясы ионға айналдырмайтын қасиеті бар электромагниттік сәулелендіруге (ЭМС) жатады.
- Бұл ұялы байланыстың сипаттамалары жайлы білдік. Ал ЭМС дегеніміз не және оның адамға қандай әсері бар екендігін қарапайым тілмен түсіндіре аласыз ба?
- Электромагниттік сәулелену иондаушы және ионға айналдырмайтын сәуле болып екі түрге бөлінеді. Олардың негізгі айырмашылықтарын түсіну үшін мен сәулеленудің екі түріне де мысал келтірейін – иондаушы сәулеленуге гамма-сәулелену, радиациялық сәулелену жатады. Ионға айналдырмайтын сәулеленуге − ұялы телефондардан, микротолқынды пештерден, теледидарлардан және басқа да тұрмыстық техникадан шығатын сәулеленулер жатады.
Мәселен, сәулеленудің бір түрі денсаулыққа орны толмас зиян келтіріп, радиациялық және онкологиялық аурулар тудыруы мүмкін болса, ал екіншісінен – температураны көтеруден басқа әсері болмайды.
Біздің пәтерлерімізде ионға айналдырмайтын сәулеленудің барлық көздері бар десек болады. Соның нәтижесінде, соңғы уақытта тұрмыстық техниканың адам денсаулығына әсері туралы көптеген теориялардың орын алғаны да рас.
- Микротолқынды пеш те ЭМС көзіне жатады ғой демек, түсінікті. Ол пайда болғаннан бері оның айналасында микротолқынды пештердің адам ағзасына әсері туралы көптеген теориялар пайда болды. Солар жайлы айта кетсеңіз.
- Тағамды микротолқынды пеште қыздыру оның сапасына әсер етеді және тіпті зиян тигізеді деген пікір бар. Мен бұл мифті жойғым келеді. Заманауи пештер халықаралық жалпы қабылданған стандарттарды ескере отырып жасалатындықтан, бұл құрылғының зияны шамалы болады. Бірақ пештен кішкене болсын электромагниттік сәулелену шығатынын ұмытпағаныңыз жөн. Сондықтан пеш жұмыс істеп тұрған кезде оған жақын тұрудың қажеті жоқ.
- Микротолқынды пештер туралы біраз нәрсе білдік, енді ұялы телефондар туралы не айта аласыз?
- Біз әріптестерімізбен бірге бір тәжірибе жүргізіп, түрлі телефон өндірушілерінің, сондай-ақ сымсыз құлаққаптардан бөлінетін электромагниттік сәулеленулерді өлшедік. Тәжірибе нәтижесінде телефондардың барлық модельдерінде бір-бірінен онша ерекшеленбейтін шағын электромагниттік сәулелену бар екендігі анықталды. Бірақ телефон өшіп тұрған кезде де оның белгілі бір фоны болады. Құлаққаптарға келетін болсақ, барлығының сүйікті «алма өнімдерінің», қытай брендтерімен салыстырғанда электромагниттік сәулеленуі айтарлықтай төмен болды. Әр түрлі брендтердің электромагниттік сәулелену нормалары бар. Осыған сүйене отырып, тұтынушы бренд үшін артық төлем жасай отырып, ЭМС деңгейінің төмен болғандығы үшін де төлейді деген қорытынды жасауға болады. Сондай-ақ сымсыз құлаққаптарды көп пайдаланбауға кеңес беремін. Негізгі әсер етуші фактор – құрылғыны ұзақ уақыт пайдалану.
- Сіздер қызықты тәжірибе жасаған екенсіздер. Мен телефонды үнемі жанымда ұстаймын, әсіресе төсекке жатқан кезде де жанымда жатады. Ол жерде оятқышым бар, оның үстіне кейбір маңызды хабарламаларды жіберіп алудан қорқамын. Жалпы, ұялы телефонның жанында ұйықтау зиянды ма?
- Тағы да қайталап айтамын, уақыт негізгі әсер етуші фактор болып саналады және ұйқы орташа есеппен 6-8 сағатқа созылатындықтан, телефонды жеткілікті қашықтықта ұстаған дұрыс. Бірақ тағы да айта кететін жайт − ұялы телефондар салыстырмалы түрде жақында пайда болғандықтан олардың зияны жайлы нақты жауап беру үшін жеткілікті уақыт өткен жоқ. Әзірге ғалымдар жауап іздеп жатқан кезде, менің ойымша, ұйықтар алдында телефонды әрірек қою керек.
- Ұялы телефондарды пайдалану бойынша тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?
- Ең алдымен, ұялы телефонды пайдалану уақытын қысқарту керек. Сонымен қатар ұялы телефондарды өмірлік маңызды органдардың жанында ұстамау керек. Қуаттау кезінде телефонмен сөйлесудің қажеті жоқ, өйткені қуаттағыш құрылғыдан белгілі бір ЭМС бөлінеді, олар бір-біріне жамалып, сәйкесінше оның әсері де артады.
- Өте қызықты ақпарат, сонымен, 5G технологиясының зияны туралы не айта аласыз?
5G жақында ғана пайда болғандықтан, ЭМС-тің зияны туралы әлі нақты пікір жоқ. Ұзақ мерзімді перспективада сәулеленудің әсерін түсіну үшін бірнеше ұрпақ алмасуы қажет. Бәлкім, болашақта сәулеленудің бұл түрі тек пайдалы болып, теріс әсері болмауы да мүмкін.
- Қызықты әңгіме үшін рақмет!
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Елде 16 мың адам алимент төлемей жүр
Қоғам • Бүгін, 12:52
Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді
Теннис • Бүгін, 12:49
Ұқсас жаңалықтар