Қоғам • 01 Желтоқсан, 2022

Республикалық маңызы бар күре жолдарға құм-тұз қоспасы себілді

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға  қараған түні республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстарына 240  бірлік арнайы техника мен 330 жолшы маман жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Республикалық маңызы бар күре жолдарға құм-тұз қоспасы себілді

Еліміздің республикалық автожолдарында жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін өткен түнде 850 м3 құм-тұз қоспасы себілді.

Сонымен қатар ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы 1403 қысқа нөмірі бойынша жұмыс істейтін call-орталығы операторлары республикалық тасжолдарды пайдаланушылардан келген 1 мыңға жуық қоңырауды өңдеді.

«Ал бүгін сағат 11:00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов кілттері» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралығында профилактикалық қар көшкінін өткізу жұмыстарына байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», делінген хабарламада.