Тағайындау • 01 Желтоқсан, 2022

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметінде қалды

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметінде қалды

Нұрлан Ұранхаев 1965 жылғы 4 мамырда дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында «инженер-механик» мамандығын, Қазақ қаржы-экономикалық институтында «экономист-менеджер» мамандығын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «инженер-құрылысшы» мамандығын оқыған.

Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.

1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы.

2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы).

2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы.

2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.

2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007 ж.— Астана қаласы, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.

2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы.

2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей.

2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.

2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.

2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана.

2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2019 жылғы 13 мамырдан бастап — Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

2022 жылдың маусымынан Абай облысының әкімі болды. Бүгін осы қызметке Президент жарлығымен қайта тағайындалды.