Ауа райы • 05 Желтоқсан, 2022

Кей өңірлерде 35 градусқа дейін аяз болады

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кей өңірлерде 35 градусқа дейін аяз болады

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымның жоғарылау өрісінің ықпалында болады. Осыған байланысты елімізде ашық, аязды ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, тұман, оңтүстікте көктайғақ болады.

«Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. 6 желтоқсанға қараған түнде Қарағанды ​​облысында, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін аяз күтілуде», делінген хабарламада.