Оқиға • 05 Желтоқсан, 2022

Ресейдегі аэродромда жарылыс болды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Рязань қаласының маңындағы аэродромда жанармай таситын көлік өртеніп, соңы жарылыспен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейдегі аэродромда жарылыс болды

Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеген. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, тоғыз адам зардап шекті, оның үшеуі қайтыс болған», деп жазылған «Известия» басылымы таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, жанармай таситын көліктің жарылуы ұшақты да зақымдаған.  Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.