Оқиға • 05 Желтоқсан, 2022

Павлодарда есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында бұрын сотталған 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

Оның жалға алынған гаражын тінту кезінде есірткі зертханасы анықталды. Тәртіп сақшылары қарасора бұталарын, сондай-ақ шамдарды, термометрді және желдеткіштерді тәркіледі. Басқа гаражда жалпы салмағы 21 келіден асатын 4 қап кептірілген марихуана табылды.

- Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Тергеу жалғасып жатыр, - деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Мақсат Сапарғалиев.