Қоғам • 05 Желтоқсан, 2022

Ералы Тоғжанов құрметті профессор атанды

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дипломды университет ректоры Қамалжан Надыров табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ералы Тоғжанов құрметті профессор атанды

«Біз бәріміз Ералы Лұқпанұлын мемлекеттік қайраткер ретінде білеміз, бірақ оның көп жылдар бойы академиялық ортада жұмыс істегенін және жоғары оқу орындарының қызметімен жақсы таныс екенін көпшілік біле бермейді. Ол саясаттану ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, бірқатар ғылыми жарияланымдары да бар. Е.Тоғжанов  Астана медицина университетін дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуге және ЖОО-ны зерттеу университетіне айналдыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуге мүмкіндік берді», деді университет ректоры өз сөзінде.

Айта кетсек, биыл Ералы Тоғжановтың қолдауымен медицина қызметкерінің имиджін арттыру және мамандығын дәріптеу мақсатында алғаш рет Astana Opera-да Астана медицина университетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өткізілді.

прот

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымында Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарды. Ел үшін ең дағдарысты кезеңде бұл комиссия жедел түрде жауапты шешімдер қабылдады және дәрігерлер мен басқа қызметтерге пандемияға тиімді қарсы тұруға атсалысты.

«Ералы Лұқпанұлы халықтың денсаулығына ерекше көңіл бөледі. Кездесу барысында Біз Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығын жақсартуға байланысты мәселелерді талқыладық. Облыс әкімі тәуекел факторларын, оның ішінде Ақтөбе облысы халқының денсаулығына әсер ететін экологиялық аспектілерді зерделеуге бағытталған зерттеулер жүргізуге келісім білдірді. Жақын арада біз облыстың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар жобаны талқылауға кірісеміз», деді Қамалжан Надыров.

«Астана медицина университетінің құрметті профессоры» атағы университеттің беделі мен танылуына үлес қосқан педагогтер мен ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, университетпен тығыз ғылыми және оқу-әдістемелік байланысы бар және білім-ғылымның,  денсаулық сақтаудың дамуына үлес қосқан қоғамдық және саяси қайраткерлерге де беріледі.