Өткен демалыс күні суға батқан жасөспірімдерге алғаш болып көмекке келген Дінмұхаммедтің батыл әрекеті көпшілікті тәнті етті.
«8 жаста болса да өзінен үлкен балаларға көмекке келген Дінмұхаммед Серікұлы Жаңбырбай көпке үлгі. Атырау қаласындағы №3 мектептің 3-сынып оқушысын бүгін Атырау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев арнайы барып департамент бастығының алғыс хатымен марапаттады», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.