Қаржы • 05 Желтоқсан, 2022

Астананың 2023 жылғы бюджеті қалай бөлінеді?

446 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елордада 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы бойынша Астана қоғамдық кеңесінің тыңдауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астананың 2023 жылғы бюджеті қалай бөлінеді?

Жиынның негізгі баяндамашысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айжан Түгелбаева болды.

«Болжамға сәйкес, 2023-2025 жылдары пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді есептемегенде өз кірістерінің күтілетін түсімдері 1 трлн 653,5 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 2023 жылы - 553,1 млрд теңге», деді ол.

Спикердің деректері бойынша, республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 139 млрд теңге сомасында көзделген, оның ішінде 2023 жылы - 102,3 млрд теңге.

Астана әкімі аппаратына үш жылдық кезеңде 6 млрд 493,8 млн теңге, оның ішінде 2023 жылы - 2 млрд 527,3 млн теңге қарастырылған.

Төрт аудан бөлінісінде 2023 жылға арналған жалпы бюджет 44 млрд 262,6 млн теңгені құрайды. Оның ішінде Алматы ауданының аппараты бойынша - 10 млрд 914,9 млн теңге, Байқоңыр – 8 млрд 288,5 млн теңге, Есіл - 15 млрд 272,1 млн теңге, Сарыарқа – 9 млрд 887,1 млн теңге.

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасына 2023-2025 жылдар кезеңінде 16 млрд 386,8 млн теңге, оның ішінде 2023 жылы – 9 млрд 632,4 млн теңге қарастырылған.

Активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасына – 11 млрд 298,2 млн теңге, 2023 жылы – 4 млрд 465 млн теңге.

Жұмыспен қамту басқармасына – 81 млрд 291 млн теңге, 2023 жылы – 25 млрд 119,3 млн теңге.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы – 21 млрд 331 млн теңге, 2023 жылы 7 млрд 738 млн теңге.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына - 66 млрд 338,6 млн теңге, 2023 жылы – 27 млрд 173,9 млн теңге.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасына - 12 млрд 548,7 млн теңге, 2023 жылы – 5 млрд 410,7 млн теңге.

Қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасына - 2 млрд 799,6 млн теңге, 2023 жылы – 962,5 млн теңге.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы – 50 млрд 785,7 млн теңге, 2023 жылы – 17 млрд 275,3 млн теңге.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына – 28 млрд 222,5 млн теңге, 2023 жылы – 14 млрд 968,3 млн теңге.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына - 3 млрд 798,7 млн теңге, 2023 жылы - 1 млрд 434 млн теңге.

Тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы – 2 млрд 182,5 млн теңге, 2023 – 667,8 млн теңге.

Полиция департаментіне – 49 млрд 963,9 млн теңге, 2023 жылы – 17 млрд 418,1 млн теңге.

Қаржы басқармасына - 319 млрд 196,6 млн теңге, 2023 жылы – 110 млрд 893,7 млн теңге.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына – 2 млрд 485 млн теңге, 2023 жылы – 994,3 млн теңге.

Білім басқармасына – 642 млрд 403,2 млн теңге, 2023 жылы – 187 млрд 468,5 млн теңге.

Мәдениет басқармасына – 35 млрд 20,1 млн теңге, 2023 жылы – 11 млрд 6 млн теңге.

Ішкі саясат басқармасына - 5 млрд 791,5 млн теңге, 2023 жылы – 1 млрд 930,2 теңге.

Дін істері басқармасына - 743,3 млн теңге, 2023 жылы – 235,9 млн теңге.

Құрылыс басқармасына – 79 млрд 287,6 млн теңге, 2023 жылы – 30 млрд 45 млн теңге.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға – 2 млрд 267 млн теңге, 2023 жылы – 961 млн теңге.

Дене шынықтыру және спорт басқармасына – 49 млрд 414,8 млн теңге, 2023 жылы – 17 млрд 613 млн теңге.

Тұрғын үй және тұрғын үй саясаты басқармасына - 18 млрд 501,7 млн теңге, 2023 жылы – 10 млрд 576,4 млн теңге.

Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға – 1 млрд 695 млн теңге, 2023 жылы – 685 млн теңге.