Қоғам • 06 Желтоқсан, 2022

Серік Жұманғарин күріш бағасына қатысты пікір білдірді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кейбір сауда желілерінде күріштің келісі 275 теңгеден сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Жұманғарин күріш бағасына қатысты пікір білдірді

«Супермаркеттерде 275 теңге тұратын күріш бар. Әртүрлі сауда желілерінде жүріп, бірдей өнімдер жиынтығын сатып алып, өзіңізге тәжірибе жасаңыз. Тіпті А класындағы дүкендер желісінің арасында да құн айырмашылығын сезінесіз», деді Серік Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдары Қазақстанда 550 мың тонна күріш өндірілген. Биыл 507 мың тонна күріш өндіру жоспарлануда.

«120 мың тоннаға жуық күрішті экспорттадық. Биыл 10 айда 76 мың тонна экспортталды. Бүгінде 250 мың тоннадай қорымыз бар. Ай сайынғы тұтыну 80 мың тоннаға жуық болса, ешқандай қауіп жоқ», деді С.Жұманғарин