Елорда • 06 Желтоқсан, 2022

Ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең елорда мектептерінің 0-12 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

«2022 жылдың 7 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Астанада 7 желтоқсанда ауа температурасы -18-20°С болады.