Зеңгі баба төлін бағудың азабы көп болғанымен, пайдасы көл-көсір. Ерінбеген адам атакәсіпті заманға сай түрлендіріп, еңбегінің жемісін көреді. Оған мемлекет те жәрдемдесуге бейіл. Мұны жетісулық шаруалар жақсы түсінеді. Өңірде мал шаруашылығы бағытында 2 561 шаруашылық бар. Қазір олардағы ірі қара саны жарты миллионға жуық. Соның ішінде асыл тұқымды малдың саны былтырғымен салыстырғанда 12 пайызға өсті.

Жетісу облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл аймақта асыл тұқымды малдың үлесі 20,2 пайызға көбейген. Осы бағыт бойынша 523 шаруашылық 1 млрд теңгеден астам субсидия алған екен. Бүгінде қосымша өтінім бергендер әлі де бар. Осы ретте Кербұлақ ауданындағы шаруаларды мысалға ала кетсек. Мұнда ірі қара саны 65 мыңнан асады. Ал ұсақ мал 324 мыңға, жылқы саны 23 мыңға жетеді. 71 мыңдай құс бар. Ауданда 2 400-дей шаруашылық ауыл агро салада еңбек етеді. Соның ішінде асыл тұқымды мал өсіруге ерекше көңіл бөлінеді. 22 шаруа қожалығы 2 400 бас асыл тұқымды ірі қара, 2 500 бас асыл тұқымды ұсақ мал өсіріп отыр. Сол қатарда асылдандырумен айналысып жүрген фермердің бірі – Жанат Омаров.
Аталған қожалық 1993 жылы құрылған. Қазір онда жалпы аумағы 1 814 гектардан астам жер бар. Соның 921 гектары – егістік, жайылымдық және шабындық жері – 893 гектар. Биыл 771 гектар жерге күздік бидай, 729 гектарға арпа себілген. Жалпы, шығымдылығы әр гектарына 21 центнерден айналды. Шаруашылықта 140 бас қой, 300 бас ірі қара, 100 жылқы бар. Оған қоса тауық, күркетауық, үйрек асырайды. Қысқы мал азығы ретінде 500 тонна шөп, 200 тонна сабан дайындалған. Мұнда сиырдың «Әулиекөл» тұқымын өсіру қолға алынған.
Шаруа қожалығының басшысы Жанат Омаровтың айтуынша, әр екі жыл сайын төл жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
«Асыл тұқымды мал өсірумен айналысқаныма он жылдай болды. Бастапқыда 30 бас құнажын мен Әулиекөл тұқымды бұқа сатып алдық. Қазір асыл тұқымды мал басы 150-ге жетті. Шағын бордақы алаңымыз бар, онда сатуға қойылатын 60-70 басты ұстаймыз, 20-30-ын қысқа қалдырамыз. Тұқымның тазалығын сақтау үшін екі жыл сайын мал басын жаңалап сатып алып отырамыз. Соның нәтижесінде бордақыланған бір бұқадан 350 килоға дейін таза ет аламыз», деді Ж.Омаров.
Жалпы, өткен 9 айда Кербұлақ ауданында 6 990,7 тонна ет, 37 мың тоннадай сүт, 6 мың данадай жұмыртқа өндірілген. Сондай-ақ 213 мыңдай тонна шөп жиналған. Фермердің айтуынша, ауыл шаруашылығының ең басты проблемаларының бірі – кадр мәселесі. Жақсы маман табу қиынның қиыны көрінеді.
«Қазір агроөнеркәсіп кешенінде негізінен аға ұрпақ еңбек етеді, ауыл шаруашылығына жастардың да қызығушылығын арттырумыз керек. Агроном, механизатор, комбайншы, тракторшы, ветеринар мамандықтарын меңгерсе деймін. Бізде осы мамандықтардың бәрі сұраныста. Бұлар тұрақты табысы бар мамандықтар, тиісті әлеуметтік жеңілдіктері де бар. Ауыл шаруашылығында мемлекеттің қолдауынсыз оңай емес. Әсіресе минералды тыңайтқыштар, тұқым, жанар-жағармай, гербицид, техника бөлшектері – бәрінің бағасы өсіп жатқан қазіргі уақытта мұндай қолдаудың көмегі бізге едәуір», деді Ж.Омаров.
Жалпы, биыл көктемгі дала жұмыстарына ауданға жеңілдік бағамен 1 600 тонна қажетті жанар-жағармай бөлінген. Жыл басынан бері машина-трактор парктерін жаңарту үшін 954 млн теңгеге 40 бірлік арнайы техника сатып алынған. Атап айтсақ, 20 трактор, 6 комбайн шаруалардың игілігіне жараған.
Бүгінде Кербұлақта 4 сервистік дайындау орталығы жұмыс істейді. Онда құны 1,6 млрд теңге болатын 43 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар. Өткен тоғыз айда ауыл шаруашылығында 47,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ретте нақты көлем индексі – 101,4 пайыз.
Жетісу облысы
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:31
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар