Теннис • 07 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің финалисі атанды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер Григорий Ломакин, Ярослав Пшеничный және Тайыр Қайретдинов халықаралық турнирлердің финалисі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің финалисі атанды

Ломакин жұптық сында бразилиялық Игор Хименеспен бірге Вакарияда (Бразилия) өткен ITF жарысында (жүлде қоры – 25 мың доллар) финалға дейін жетті.

Соңғы бәсекеде Григорий мен Игор тартысты матчта бразилиялықтар Жоао Лоурейро – Густаво Хейдеге есе жіберді – 6:3, 6:7 (5:7), 5:10.

Түркияда 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe додасында Пшеничный мен Қайретдинов финалда ресейлік Картцев пен түркиялық Байбарысқа жол берді – 4:6, 2:6.

Испанияда Рафаэль Надаль академиясында 12 жасқа дейінгілер арасында TEN-PRO Global Junior Tour турнирі мәресіне жетті. Оған Астана мен Петропавл теннис мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Астаналық Полина Лазаренко үшінші орынға көтерілсе, Абылай Төлеубаев «Турнирдің үздік ойыншысы» аталымы бойынша арнайы жүлдемен марапатталды.