Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2022

Қазақстандықтар 29 елге тікелей рейспен ұша алады

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде қазақстандықтар әлемнің 29 еліне тікелей рейспен ұша алады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар 29 елге тікелей рейспен ұша алады

Ішкі әуе рейстерді аптасына 687 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 5 отандық әуе компания орындайды.

Биыл NEOS әуе компаниясы Алматы – Милан, «Эйр Астана» компаниясы Алматы – Ираклион, Vietjet Air компаниясы Алматы – Нха Транг, Jazeera Airways компаниясы Түркістан – Кувейт, AnadoluJet компаниясы Алматы – Анкара және Астана – Анкара, Pegasus Airlines компаниясының Алматы – Анкара, Алматыдан Сургутқа, Тюменьге және Новосібірге, сондай-ақ Астанадан Санкт-Петербургке жаңа бағыттары ашылды. «Түрікменхаваеллары» компаниясы Алматыдан Ашхабадқа әуе рейстерін қалпына келтірді.

Сондай-ақ Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Нячангқа 25 желтоқсаннан бастап, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге 2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде рейстер ашылады.

26 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында Алматы – Маэ бағыты бойынша рейстер ашылмақ. Сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстанбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстер саны артты.