Саясат • 08 Желтоқсан, 2022

Мәні ерекше семинар

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық 239 аумақтық сайлау комиссиясының басшылық құрамына арналған үшкүндік республикалық семинар өткізіп жатыр.

Мәні ерекше семинар

Орталық сайлау комис­сия­сының мүшелері негізгі спикерлер ретінде таңдалды. Семинардың мақсаты – сайлау заңнамасы және оны сайлау процесінде қол­дану тәжірибесі бойынша тео­риялық және қолданбалы білім­дерін кеңейту арқылы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Семинар барысында бірнеше оқу блогі қарастырылған. Мәсе­лен, 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауын дайындау мен өткізу бо­йынша сайлау комиссиялары жұмысының қорытындылары, сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, әсіресе аралас және ма­жоритарлық сайлау жүйелерінің енгі­зілуін, әлеуметтік желілер­дегі сайлауалды үгіт, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды сайлауды бай­қау үшін аккредиттеу, сондай-ақ сайлауды мемлекеттік емес қар­жыландыру тақырыптары бар. Бұдан бөлек семинарда ком­му­никациялық әдістер мен сай­лау комиссиялары мүше­лерінің саяси партиялармен, масс-медиа өкілдерімен, үкімет­тік емес ұйымдармен және бас­қа да сайлау процесінің қатысу­шы­ларымен өзара қарым-қатынас машықтарын дамыту бойынша тренингтер өткізіледі.