Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2022

Бірнеше өңірде қар жауады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше өңірде қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыша ауқымды антициклон әсер етеді. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа күтіледі.

Тек елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында - қалың қар түсіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Қазақстанның оңтүстігінде - көктайғақ, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қалың қар жауады.