Парламент • 08 Желтоқсан, 2022

Сенатор Нариман Төреғалиевтің өкілеттігі тоқтатылды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенат отырысында Сенат депутаты Нариман Төреғалиевтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор Нариман Төреғалиевтің өкілеттігі тоқтатылды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалып, жаңа қызметке кіріскенін атап өтті.

Нариман Төреғалиев 1964 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын және Каспий мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

2017 жылдан бастап Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде депутат болып қызмет атқарды.