Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2022

Қостанай облысындағы құс фабрикасы жұмыртқа бағасын көтерген

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай облысындағы «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысындағы құс фабрикасы жұмыртқа бағасын көтерген

Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Жас қанат-2006» ЖШС құс фабрикасы Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзғанын анықтады. 

«Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша Қостанай облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады. Атап айтқанда, ЖШС жұмыртқаны көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұру бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланған», делінген хабарламада.